Кері санақ басталды

17.08.2021

23-29 қараша аралығында Хьюстонда (АҚШ) өтетін 2021 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатына 100 күндік кері санақ басталды.

Үстел теннисінің үздік ойыншылары 1926 жылдан бері жарысып келеді және әлем чемпионаты алғаш рет Америка құрлығында, Еуропа мен Азиядан тыс жерде өтеді. Турнирдің жаңартылған форматы келесідей көрсетілген: жеке разрядта128 ойыншы (ерлер мен әйелдер), ерлер, әйелдер, аралас жұптардан 64.

Соңғы рет жеке әлем чемпионаты 2019 жылы Будапештте (Венгрия) өткен болатын, ал Пусан-2020 (Корея) командалық турнирі COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Талап Қойбағаров