Керемет "үштік" алға шықты

22.10.2021

Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан ашық командалық чемпионатының алғашқы ойын күні өтті. Үш матчта үш рет жеңіске жетіп, Суперлиганың турнирлік кестесін "Sigma" (Шымкент), "Астана" (Нұр-Сұлтан), "Greenwill" (Ақтөбе) клубтары басқарды. Одан кейін көшбасшылардың артынан "Қарағанды", "Қарағанды-2", Шолақ-Терек (Қостанай облысы), "Қазаэронавигация" (Нұр-Сұлтан), Хван Ман-Гым (Өзбекстан), "Масаншы Жолбарыстары" (Жамбыл облысы) және "Жетісу" (Алматы облысы) командалары орналасты. 24 қазанға дейін клубтар алты ойыннан өткізеді.

Суретте "Greenwill" (Ақтөбе) клубынан Руслан Алшымбаев.

Талап Қойбағаров