Керемет ойындарды күтеміз

30.05.2023

Бүгін «ADD Table Tennis Center Astana» үстел теннисі орталығында 2012 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты басталды. Командалық, жеке, жұптық, аралас разрядтарда Астана, Алматы, Шымкент, облыстардан келген жас ракетка шеберлері өнер көрсетеді. Ойындар жарқын, қарқынды болады деп күтілуде.

Талап Қойбағаров