Келесі кездесу жазда өтеді

13.03.2023

Астанада, Алматыда және Павлодарда бес лигада 67 команда арасында үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Ашық чемпионатының I-туры аяқталды. Өткізілген матчтардан кейін көшбасшылар қатарына шыққандар:

Суперлига:

1 орын «Altay Pro» (Өскемен), 2 орын ОРДО (Шымкент), 3 орын «Қарағанды-1 ҮТК»;

Екінші лига:

1 орын «Allur» (Қостанай), 2 орын «Масаншы жолбарыстары», 3 орын «ТТС Astana»;

Үшінші лига:

1 орын «Арыстан» (Орал), 2 орын «ASM» (Бішкек, Қырғызстан), 3 орын «DEAF» (Қостанай);

Төртінші лига:

1 орын Ақтөбе, 2 орын «Jenimpaz» (Павлодар), 3 орын «Marten» (Түркістан);

Бесінші лига:

«Dolina» (Ферғана, Өзбекстан) бір жеңіліссіз өнер көрсетті.


II тур жазда (маусым-шілде) өтеді.


Талап Қойбағаров