Келесі дивизионға екі жолдама үшін күрес

07.12.2023

8-10 желтоқсан аралығында Алматыда V-лигада үстел теннисінен Қазақстан Республикасының ашық командалық чемпионатының IV-ші туры өтеді. 12 команданың арасында турнир кестесіндегі алғашқы алты орынды «Dolina» (Ферғана, Өзбекстан), «TTС Kaysar» (Қызылорда), «Inventors» (Алматы), «Тұлпар» (Орал), «Almaty Teens» (Алматы), «G-Team» (Алматы) клубтары иеленуде және олардың арасында келесі төртінші дивизионға екі жолдама үшін сайыс басталады.

Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы "Қазақмыс корпорациясы" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.


Талап Қойбағаров