Катардағы сенімді түрдегі жеңіс

25.01.2024

2024 жылды Қарағандылық спорт шебері Жанерке Кошкумбаева (жаттықтырушысы Татьяна Ким) өте жақсы бастады: 11 қаңтарда Қазақстан чемпионатында ол командалық есепте алтын медаль жеңіп алды, 15 қаңтарда әйелдер арасындағы жұптық разрядты жеңіп алды, ал 25 қаңтарда Дохада (Катар) өткен "WTT Youth Contender" үстел теннисінен халықаралық турнирінде ерекше көзге түсті. 19 жасқа дейінгі жас санатында Жанерке Мәриям Аллалиді (Бахрейн), Фаузия Мелкиді (Катар), Мария Микалаускитені (Литва), Ур Фавадтты (Пәкістан), Амрут Пхадкені (Бахрейн) артта қалдырып, бірінші орынды иеленді.

Құттықтаймыз!


Талап Қойбағаров