Ізгі мақсаттар

14.09.2020

Республикалық үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазиннің тапсырмасы бойынша олимпиадалық спорт түрін насихаттау мақсатында Федерацияның бас хатшысы Данил Пак Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Тастанбек Есентаевпен жұмыс кездесуін өткізді. Келіссөздердің нәтижесі үстел теннисін Ұлттық мектеп лигасына қосу болды. Бұл нені білдіреді? Елімізде жас теннисшілердің командалық жарыстары ұйымдастырылатын болады, олар төрт кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, қалалық (облыстық) және республикалық (финалдық). Мақсаттар ізгі - бұл:

- Қазақстан оқушылары арасында үстел теннисін танымал ету және дамыту;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- үстел теннисімен үнемі айналысу және оқу орны бойынша жарыстарға қатысу;

- болашағы зор жас теннисшілерді анықтау;

- үздік мектеп командаларын анықтау.

Талап Қойбағаров