ITTF-тен жақсы хабар

01.05.2023

Жақсы жаңалық (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясынан келді - қазақстандық спортшы Анастасия Лаврова (Астана) Кирилл Герасименкомен бірге жеке есепте және аралас разрядта әлем чемпионатына лицензия алды.

Әлем чемпионаты 2023 жылғы 20-28 мамыр аралығында Дурбан қаласында (Оңтүстік Африка) өтеді, онда біздің келесі спортшылар өнер көрсетеді:

Кирилл Герасименко - жеке есеп, жұптық және аралас разрядтар;

Алан Құрманғалиев - жұптық разряд;

Айдос Кенжеғұлов - аралас разряд;

Денис Жолудев - жұптық разряд;

Сағантай Құрмамбаев- жұптық разряд;

Зәуреш Ақашева - жеке есеп, жұптық және аралас разрядтар;

Анастасия Лаврова - жеке есеп, жұптық және аралас разрядтар;

Сарвиноз Мирқадірова - жеке есеп.

Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров