ITTF ресми тұлғалары Дурбанға келісім берді

20.01.2023

Үстел теннисінен әлем чемпионатының финалына төрт ай қалғанда Дурбан қаласына (Оңтүстік Африка) ITTF Президенті Петра Сорлинг, атқарушы вице-президенттері Халил Әл-Моханнади және Уахид Ошоди барды, онда 20-28 мамыр аралығында жарыстар өтеді.

"2023 жыл келді және барлық назар Дурбанға аударылуда. Африка әлем чемпионатының финалын қабылдайтыны керемет. Бұл сапар бізге қала мен жергілікті ұйымдастырушылардан не күтуге болатыны туралы түсінік береді. Біз мамыр айында әлемдегі ең үлкен үстел теннисі жарысына ораламыз деп үміттенеміз", - деп атап өтті Петра Сорлинг.

Сегіз күн ішінде 128 ойыншы және 64 жұп (ерлер, әйелдер, микст) әлем чемпионы атағы үшін плей-офф форматында бақ сынайды.

Катарда өткен Азия біліктілік турнирінің қорытындысы бойынша қазақстандықтар Кирилл Герасименко (жеке есеп, жұптық разряд), Алан Құрманғалиев (жұптық разряд), Айдос Кенжеғұлов (микст) және Зәуреш Ақашева (микст) Оңтүстік Африкаға барады. 2023 жылғы әлем чемпионатының болашақ қатысушыларының резервтік тізіміне: Алан Құрманғалиев/Сарвиноз Мирқадірова (аралас жұп), Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова (әйелдер жұбы), Анастасия Лаврова/Ангелина Романовская (әйелдер жұбы), Айдос Кенжеғұлов/Ескендір Харки (ерлер жұбы) кірді. Рейтинг бойынша Зәуреш Ақашева (жеке есеп) лицензия ала алады. Халықаралық федерация әлем чемпионатына қатысушылардың біржола тізімін 2023 жылдың 1 сәуірінде ұсынады.

ITTF материалдары бойынша