(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының бас директоры Стив Дэйнтонның бейне сәлемі

12.09.2021

«Қайырлы күн, қымбатты достар, қазір Қазақстанда жүргендердің барлығы!

Мен барлығына (ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясының атынан қуана сәлем беремін! Біз 2021 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында жаңа және бірегей "SARYARKA" үстел теннисі орталығында өтетін Қазақстандағы алғашқы "2021 ITTF KAZAKHSTAN INTERNATIONAL OPEN" халықаралық рейтингтік турнирінің басталуын асыға күтудеміз. Биыл турнирге Австрия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-тен астам спортшы қатысады, ал турнирдің жүлде қоры 30 мың АҚШ долларын құрайды.

Турнирді "Qazsport" Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді және Халықаралық үстел теннисі Федерациясының ресми сайтында лайв режимінде қолжетімді болады! Мен алдағы іс-шараның табысты болатынына сенімдімін. Халықаралық үстел теннисі Федерациясының және жеке өз атымнан барлық қатысушыларға жарқын және есте қаларлық жеңістер тілегім келеді, ал Қазақстанның үстел теннисі Федерациясына шынайы ризашылығымды және толық қолдауымды білдіргім келеді! Сәттілік және жақында кездесуге дейін!»

https://www.instagram.com/p/CTrqRz-Fr4y/