Иранның сөзсіз жеңісі

31.10.2023

Ташкентте "ITTF Central Asia Hopes Week&Challenge" оқу-жаттығу жиыны аяқталды және Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстанның жиырма бес жас талантты спортшылары арасындағы турнир де өз мәресіне жетті, нәтижесінде бүкіл құрмет тұғырын Иран спортшылары иеленді:

Ұлдар

1 орын Пакзат Рахимян

2 орын Алиреза Насирай

3 орын Ясин Шоаритехрани

Қыздар

1 орын Адриана Хаями

2 орын Арника Карими

3 орын Марджан Кабуди


Қазақстандықтарда мынадай көрсеткіштер бар: Абай Жұмағұл 4 орын, Дулат Ералхан 6 орын, Каролина Бондарь 6 орын, Олег Яковлев 7 орын, Эльмира Мұхаметқалиева 7 орын.


Талап Қойбағаров