Иорданиядан алтын медаль!

25.08.2023

Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиева, оның тәрбиеленушісі Алан Құрманғалиев Амманнан (Иордания) жақсы көңіл-күймен келе жатыр. Онда "WTT Youth contender Amman 2023" үстел теннисінен өкілдік турнирі аяқталған болатын. 17 жасқа дейінгі санатта Алан барлық қарсыластарын 3-0 есебімен жеңіп, алтын медаль жеңіп алды: Исса Аль-Шамма (Иордания), Хади Абуалрахи (Cауд Арабиясы), Әли Алхавай (БАӘ), Ахмет Корани (Катар), Ясин Габер (Мысыр), Бадр Мостафа (Мысыр).

Құттықтаймыз!

Талап Қойбағаров