Иорданияда ITTF Бүкіләлемдік үміт апталығы өтеді

23.08.2021

(ITTF) Халықаралық үстел теннисі Федерациясы және Иорданияның үстел теннисі қауымдастығы (JTTA) келісімшартқа қол қойды, оған сәйкес "World Hopes Week & Challenge" (Дүниежүзілік үміт апталығы мен жарыстар) ағымдағы жылдың желтоқсан айында Амманда өтеді. 2016 жылғы Катар мен 2019 жылғы Оманнан кейін "World Hopes Week & Challenge" үшінші рет Батыс Азияда өтетін болады.

ITTF "Hopes" бағдарламасы - "Hopes" (Үміт) жиындары мен турнирлерінде өзінің жоғары әлеуетін көрсеткен әлемдік деңгейдегі көптеген ойыншылар үшін трамплин қызметін атқарған дарындарды анықтау бойынша өзін жақсы жағынан көрсеткен жаһандық жобасы болып табылады. Дәстүрлі континентальдық біліктіліктен басқа, биылғы жылы "World Hopes Week & Challenge" Дүниежүзілік аптасына қатысу үшін дарынды 20 қыз және 20 ұл баланы іріктеу бағдарламасының жаңа онлайн-нұсқасы енгізілді.

Талап Қойбағаров