I турды қорытындыладық

03.03.2024

Жексенбіде үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының I-туры аяқталды. Қарағандыда 3, 4 лигаларда матчтар өтіп, келесі клубтар көшбасшылыққа шықты:

3 лига (12 клуб) - «Ардагер» (Алматы), «Marten» (Жетісай), «SaryArka» (Астана), «Jenimpaz» (Павлодар).

4 лига (12 клуб) - «Ақтөбе», «ШҚО-1» (Өскемен), «Топжарған» (Шымкент), «Тұлпар» (Орал).


Алматыда 5-ші лиганың 29 командасы арасында турды жеңіліссіз өткендер:


«Nomad» (Алматы), «Turkestan», «Stiga» (Алматы), «Shymkent-2», «Deaf-2» (Қостанай).


II тур маусым айында өтеді.


Талап Қойбағаров