"Hopes" апталығы үйлесімділік пен достық рухында аяқталды

20.12.2021

Аммандағы (Иордания) Хусейн Патшасы атындағы спорт орталығында орналасқан Сумайя ханшайымының залында Үстел теннисі Федерациясының Халықаралық Бүкіләлемдік "ITTF World Hopes Week & Challenge" - үміт апталығы өтті, оған Бельгия, Венгрия, Доминикан республикасы, Мысыр, Үндістан, Испания, Иран, Иордания, Қазақстан, Колумбия, Таиланд, Тунис, Малайзия, Пуэрто-Рико, Румыния, Сирия, Сингапур, АҚШ, Украина, Чехия, Эквадор, Шри-Ланка, ОАР елдерінің жас таланттары қатысты. Біздің елімізді Ақтаулық Аққу Темірханова таныстырды. Аққудың анасы, оның алғашқы тәлімгері, БЖСМ жаттықтырушысы Раушан Исламғалиева әңгімелейді: "Әлемдік "Hopes" жиынында үздіктер жиналды, Аққу үшін және мен үшін де бұл өте маңызды оқиға. ITTF жаттықтырушылары Золтан Баторфи (Венгрия), Матильда Экхольм (Швеция), Пачинте Осман (Мысыр) спортшылар арасында жылы, достық жағдай жасады. ОЖЖ соңына қарай теннисшілер өздерінің ойын дағдыларын жоғары деңгейде көрсете алуы үшін арнайы физикалық және техникалық-тактикалық жаттығулармен оқу-жаттығу жиынын өткізді.

"ITTF World Hopes Week & Challenge" турнирінде Аққу ең мықты топқа түсті, оның қарсыластары Токио жазғы Олимпиадасының қатысушылары Үндістандық Матхан Хансини мен Сириядан келген Заза Хенд болды, нәтижесінде тиісінше олар 1, 2 орын алды. Осындай мықты спортшылармен кездесе отырып, Акку өзі үшін көп нәрсені үйренді: ойынды жылдам оқи білу, матч барысында техника мен тактиканы түзете білу. ITTF тәлімгерлерінің жеке кеңестерін біз жазып алдық, бәрін зерттеп, жұмыс істеп, дамытамыз. Тағы бір артықшылығы - әртүрлі елдердің теннисшілерімен достасып, тілдік кедергіні еңсере білдік".


Талап Қойбағаров