"Halyk Bank Open" ашық турнирі

24.09.2023

Елордалық "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында үстел теннисінен "Halyk Bank Open" ашық республикалық турнирі өтті. Жеке разрядта ерлер мен әйелдер жасына, шеберлік деңгейіне шектеусіз өнер көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды:

Ерлер:

1 орын Иван Никулин - алтын медаль және жүлде 300 000 теңге;

2 орын Роман Гилязов - күміс медаль және жүлде 200 000 теңге;

3 орын Тимофей Герасименко - қола медаль және жүлде 100 000 теңге;

3 орын Александр Герасименко - қола медаль және 100 000 теңге жүлде.


Әйелдер.

1 орын Анна Тихомирова - алтын медаль және жүлде 300 000 теңге;

2 орын Мария Лукьянова - күміс медаль және жүлде 200 000 теңге;

3 орын Алтынай Ержанқызы - қола медаль және жүлде 100 000 теңге;

3 орын Арай Әшкеева - қола медаль және жүлде 100 000 теңге.


Талап Қойбағаров