Грузиядан қола медаль!

26.09.2022

Тбилисиде (Грузия) үстел теннисінен 20 елдің спортшыларының қатысуымен "WTT Youth Contender" турнирі аяқталды. Жексенбі күні Сарвиноз Миркадырова (Қазақстан) 19 жас тобында қола жүлдеге ие болды. Құттықтаймыз! Ол Нини Липартийді (Грузия) 3:0, Мане Казарянды (Армения) 3:0, Тако Рижваджені (Грузия) 3:1 есебімен жеңді, ал жартылай финалда Конг Цз Ламнан (Гонконг) 1:3 есебімен ұтылды.

Қазақстандық қыздардың нәтижелері:

13 жас.

Ширек финал - Ақниет Амангелді, Ноиля Ханиязова, Аққу Темірханова.

1/8 финал - Нұрсая Нұрман.

15 жас.

Ширек финал - Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова.

1/8 финал - Томирис Қоссар, Ақниет Амангелді, Назым Серікбай, Аққу Темірқанова, Виктория Мочалкина.

17 жас.

Ширек финал - Сарвиноз Миркадырова

1/8 финал - Алиса Цвигун, Назым Серікбай, Шахзода Ахмадалиева, Виктория Мочалкина, Елизавета Лаврова

19 жас.

Ширек финал - Ангелина Романовская, Анель Бақыт.

Талап Қойбағаров