Франциядан алтын

21.02.2022

Мец қаласында, Мозель және Сейль өзендерінің қиылысында үстел теннисінен "WTT Youth Contender" жасөспірімдер турнирі аяқталды. 15 жасқа дейінгі жас санатында алтын медаль жеңіп алған қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) үздік өнер көрсетті. Алан Құрманғалиев - Антон Дерлюк (Украина) 3:0, Рарес Куэсдин (Румыния) 3:1, Рафаэль Кабрера (Доминикан Республикасы) 3:0, Ли Чонмок (Корея) 3:1, Рафаль Формела (Польша) 3:1, Натан Лам (Франция) 3:0, Флавиен Котон (Франция) 3:1. Құттықтаймыз!

19 жасқа дейінгі жас санаты:

Санжар Жұбанов (Орал) кіші топтан шығып, 1/32 финалға дейін жетті. Оның көрсеткіштері келесідей: Бенджамин Пигготт (Англия) 3:0, Вон Ян Кай Энди (Сингапур) 3:2, Сохан Жозеф Жиль (Франция) 2:3, Дэвид Бесса (Португалия) 1:3.

Тимофей Герасименко (Нұр-Сұлтан) - екі жеңіліс және топтағы соңғы орын.

Талап Қойбағаров