Финалдық төрттіктен алыстауда

20.02.2023

Неміс Бундеслигасында 18-тур басталды. Құрамында Кирилл Герасименкомен бірге Бременнің «Werder» клубы «TTC» (Гренцау) командасымен ойнады және жанкүйерлері үшін күтпеген жерден 0:3 есебімен жеңілді.

Йи-Синь Фэн («TTC») - Кристиан Плетеа («Werder») 3:0;

Патрик Баум («TTC») - Маттиас Фальк («Werder») 3:2;

Мацей Кубик («TTC») - Кирилл Герасименко («Werder») 3:2.

Турнир кестесі

1 орын «Borussia» (Дюссельдорф, 14 жеңіс: 3 жеңіліс)
2 орын «FC Saarbrücken-TT» (Саарбрюккен, 13:4)
3 орын «TTF Liebherr» (Оксенхаузен, 12:6)

4 орын «Post SV» (Мюльхаузен, 10:7)
5 орын «TSV» (Бад-Кёнигсхофен, 9:8)

6 орын «ТТС» (Ной-Ульм, 8:9)
7 орын «Werder» (Бремен, 8:10)

12 орын FSV Mainz 05 (Майнц, 3:14).


Талап Қойбағаров