Финалдық сегіздіктегі орындар анықталды

02.10.2021

Катардағы үстел теннисінен Азия чемпионатында командалық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды. Төрт ойын күнінде финалдық сегіздіктегі орындар келесідей бөлінді:

Ерлер, барлығы 28 команда.

1 орын Корея, 2 орын Тайбэй, 3 орын Жапония және Үндістан, 5 - Иран, 6 - Сингапур, 7 - Гонконг, 8 - Қазақстан.

Әйелдер, барлығы 18 команда.

1 орын Жапония, 2 орын Корея, 3 орын Сингапур және Гонконг, 5 - Үндістан, 6 - Таиланд, 7 - Тайбэй, 8 - Қазақстан.

Құрлық чемпионаты жалғасуда және жеке, жұптық, аралас разрядтағы ойындар басталды.

Суретте Корея құрамасы - Азия чемпионы

Талап Қойбағаров