Финалға лайықты жартылай финалдар

18.08.2022

"Jenimpaz" үстел теннисі орталығында (Павлодар) өтіп жатқан 2004 ж.т. спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты қарқын алды. Бүгін қызықты, тартысты жартылай финалдық жекпе-жектен кейін ұлдар мен қыздар арасында командалық есептегі қола жүлдегерлер анықталды.

Ұлдар, үшінші орын: Павлодар облысы (Қадырәлі Қабдылуахитов, Әділ Қазкен, Әмір Амангелді, Әлішер Инырбаев, Әлімжан Әбішев), Батыс Қазақстан облысы (Нұрдәулет Нұғай, Дамир Мэлсов, Болат Ниетқалиев, Ержігіт Серікбай, Мансұр Сүйіндік). Финалда бірінші орынды алматылықтар мен қарағандылықтар өзара ұтысқа салады.

Қыздар, үшінші орын: Нұр-Сұлтан (Мәлика Сандыбаева, Алиса Цвигун, Елизавета Лаврова, Алтынай Ержанқызы, Нұрсая Нұрман), Түркістан облысы (Шахзода Ахмадәлиева, Аружан Нұржанқызы, Назым Серікбай, Гүлера Шавкатова, Ноила Ханиязова). Командалық алтын медаль үшін Шымкент пен Қарағанды облысының теннисшілері бақ сынайды.

Қазақстан чемпионаты жалғасуда.

Суретте Шымкент пен Қарағанды облысының көшбасшылары Сарвиноз Мірқадірова, Александра Смирнова.

Талап Қойбағаров