Финалға дейінгі маңызды тур

08.08.2023

11, 12, 13 тамызда Астанада, Алматыда және Өскеменде үстел теннисінен еліміздің ашық командалық чемпионатының III турының матчтары өтеді, онда Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары ойнайды. Жарыс басталар алдында лига көшбасшылары мына клубтар болып табылады:

Суперлига (12 ерлер командасы, Өскемен):

1 орын " Altay Pro" (Өскемен),

2 орын "Қарағанды-1",

3 орын "Alga Express" (Алматы).


2-ші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Өскемен):

1 орын "Allur" (Қостанай),

2 орын ТТС "Astana",

3 орын "Ертіс" (Павлодар).


3-ші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Астана):

1 орын "Арыстан" (Орал),

2 орын "Жалын" (Шымкент),

3 орын "ASM" (Бішкек, Қырғызстан).

4-ші лига (12 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Астана):

1 орын "Ақтөбе",

2 орын "Marten" (Түркістан),

3 орын "Аstana-2".

5-ші лига (19 ерлер, әйелдер және аралас командалар, Алматы):

1 орын " Dolina " (Ферғана),

2 орын "Kaysar" (Қызылорда),

3 орын "Тұлпар" (Орал).


Талап Қойбағаров