Евгений Тимченко: "Семинардың пайдасы зор"

17.07.2022

Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында ITTF халықаралық сарапшысы Мұхаммед Атумның (Иордания) басшылығымен қазақстандық тәлімгерлерге арналған техникалық семинар аяқталды. Еліміздің жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Евгений Тимченко өз әсерімен бөлісті:

- Бүгінгі таңда федерация басшылығы біздің жаттықтырушыларымызды оқыту және біліктілігін арттыру бойынша міндеттер қойды. Мен осындай іс-шараларға бірнеше рет қатыстым, онда қызықты ақпарат алып, біліміңіз бен сенімдеріңізді тағы бір рет растап, бір жерде пікіріңізді өзгертесіз. Жаттықтырушы Мұхаммед барлық тәлімгерлерді оқу үрдісімен толығымен баурап алды, достық, шығармашылық жағдай жасады, онда барлығы қызықты тапсырмалар мен жаттығулар орындады. Семинардың пайдасы зор және біз алған білімімізді республикада үстел теннисін дамыту үшін пайдаланамыз.


Талап Қойбағаров