Евгений мен Ольганы Қытайда күтуде

28.08.2018

Алматыда «Пинг-понг Ханшайымы» балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасындағы екінші тур өз мәресіне жетті. Жарыстың финалдық бөлігінде Қытайға жолдамалар ойнатылды, онда аспан асты еліндегі жетекші жаттықтырушылардың мастер-кластары өтеді, ол жолдамаларға тек: 9-12 және 13-16 екі жас санатындағы чемпиондар ғана ие бола алады. Қазақстанның он екі облыстарынан келген отыз төрт спортшы екі күн бойы мықтыларды анықтады. Кіші теннисшілер арасында бірінші орынды қарағандылық Евгения Тузова (жаттықтырушысы Аян Кәрім) иеленді, ол чемпиондық матчта 2:0 есебімен Виктория Куртяннан (Рудный қ. жаттықтырушысы Валентина Лукина) басым түсті. Үшінші орында Кәмилә Қалықова (Алматы, жаттықтырушысы Иван Щуров).

Ересек қыздар арасында алтын медальды Ольга Ким (Рудный қ. жаттықтырушысы Валентина Лукина) алды. Күміс жүлде Наталия Румянцевада (Қостанай қ. жаттықтырушысы Сергей Родичкин), қола жүлдені Маргарита Сизикова (Алматы қ. жаттықтырушысы Иван Щуров) иеленді.

«Пинг-понг Ханшайымы» турнирі аяқталғаннан кейін оның барлық қатысушылары бағалы сйлықтырмен марапатталды.

Аталған іс-шара «Бауыржан» жеке қорымен, Қазақстан үстел теннисі Федерациясының және Алматыдағы ҚХР Бас консулдығының қолдауларымен ұйымдастырылды.





Талап Қойбағаров