Есімізде, ұмытпаймыз

11.04.2023

Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би ауылы спортшы М.К.Бисеитовты еске алуға арналған үстел теннисінен ашық республикалық турнирге 230-дан астам қатысушыны қабылдайды. 14-16 сәуір аралығында спорт алаңында Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан облыстарының жас және жасөспірім ракетка шеберлері өнер көрсетеді. Медальдар, сыйлықтар келесі жас санаттарында ойналады: 2008-2010 ж.т., 2011-2012 ж.т., 2013 ж.т. және одан кіші.

Талап Қойбағаров