Ешкім жеңілгісі келмеді

12.11.2021

«WTT Contender» атты үстел теннисінен Словенияның екінші турнирі Ново-Место қаласында өтуде. 1/16 финалда қазақстандық Кирилл Герасименко Қытай ұлттық құрамасының мүшесі Чжоу Цихаомен кездесті - ол жасөспірімдер арасындағы екі дүркін әлем чемпионы, WTT Chinese 2021 турнирінің жеңімпазы, сол турнирде ол бес дүркін Олимпиада чемпионы Ма Лонгты, Олимпиада чемпионы Фан Жендонгты жеңіп кеткен болатын. Кирилл мен Чжоу арасындағы ойын керемет, тартысты болды, ешкім жеңілгісі келмеді. Шешуші партияда сәттілік Қытайлық ойыншыға қарай ауысты: Кирилл Герасименко - Чжоу Цихао 2:3 (11:8, 6:11, 6:11, 11:9, 4:11).

Талап Қойбағаров