Енді тек спорттық нәтижелерді күтуге болады

06.05.2022

Өскеменде үстел теннисінен облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (ОМБЖСМ) ашылды. 260-тан астам балалар мен жасөспірімдер үшін тәрбие-білім беру барысын 10 тәжірибелі жаттықтырушы - оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде үшеуі жоғары санатты - Сергей Борисович Литвинов, Ольга Николаевна Архипова, Олег Салимович Кушкунов. Мектептің қарамағында үстел теннисінің жаңа орталығы бар, оны 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Әбілғазин салтанатты түрде ашқан болатын. Орталық барлық әлемдік стандарттарға жауап береді: жалпы ауданы 9500 ш.м. астам, 18 теннис үстелдеріне арналған жарыс залы, 32 үстелдерге арналған жаттығу залы, кәсіби едендік жабын, көрермендерге арналған 384 орындық трибуналар. Осындай материалдық-техникалық қамтамасыз етумен, ОМБЖСМ жаттықтырушылар құрамымен тек жоғары спорттық нәтижелерді күтуге болады.

Талап Қойбағаров