Эльмира Әлиева "Міндетті орындадық"

04.10.2021

Катардағы үстел теннисінен Азия чемпионатында қазақстандықтар жеке, жұптық және аралас разрядтарда ойындарын аяқтады:

Кирилл Герасименко - екі жеңіс және бір жеңіліс (+2, -1), Айдос Кенжеғұлов (+2, -1), Алан Құрманғалиев (+1, -1), Ырысбек Артұқметов (-1), Зәуреш Ақашева (+2, -1), Анастасия Лаврова (-1), Анель Бақыт (-1), Сарвиноз Мирқадірова (-1).

Ерлер жұбы Кирилл Герасименко/Алан Құрманғалиев (+2, -1), Айдос Кенжеғұлов / Ырысбек Артұқметов (+2, -1).

Әйелдер жұбы Зәуреш Ақашева/Сарвиноз Мирқадірова (-1), Анель Бақыт / Анастасия Лаврова (-1).

Аралас жұп Алан Құрманғалиев/Зәуреш Ақашева (+1, -1), Кирилл Герасименко/Анастасия Лаврова (+1,-1).

Ел құрамасының бас жаттықтырушысы Эльмира Әлиеваның пікірі:

"Келесі жылы Қытайда өтетін командалық әлем чемпионатына қатысу үшін команданың алдында "үздік ондыққа" кіру міндеті тұрды, біз бұл міндетті орындадық. Ерлер, әйелдер құрамалары 1/4 финалға дейін жетті. Қазақстандықтардың ілгерілеуі айқын, біз көрсеткіштерді айтарлықтай жақсарттық. Әйелдер мықты Иранды жеңіп, Сингапурмен, Таиландпен тең дәрежеде күресті. Ерлер Гонконг, Тайбэй, Таиланд, Сингапур спортшыларынан жеке жеңістерге ие болды. Бұл республикалық үстел теннисі Федерациясы мен жаттықтырушылар ұжымының бірлескен жемісті жұмысының нәтижесі. Біздің құраманың қазіргі құрамы ойын деңгейін жетілдіруге және Азия құрлығының ең мықты командаларымен тең дәрежеде күресуге әлеуеті бар".

Талап Қойбағаров