Еліміздің жастар чемпионатының финалистері

24.04.2024

Қарағандыдағы «Saryarka» үстел теннисі орталығында бүгін командалық есепте Қазақстан жастар чемпионатының финалистері анықталды. Ұлдарда жартылай финалдық жекпе-жектер өте әсерлі, тартысты болды.

Шығыс Қазақстан облысы - Қарағанды облысы 3:2.

Қарағандылықтар 1:2 есебімен жеңіліп жатып, 2:2 есебімен қуып жетіп, алайда 2:3 есебімен жеңіліп қалды.


Алматы - Жамбыл облысы 3:2.

Алматылықтар 2:1 есебімен алға шықты, жамбылдықтар 2:2 есебімен теңесті, бірақ республиканың оңтүстік астанасынан келген спортшылар матчты жеңіске дейін жеткізді.


25 сәуірде ШҚО және Алматы құрамалары алтын медальдар үшін күреседі.


Қыздар, жартылай финал.

Алматы - Түркістан облысы 3:0

Қарағанды облысы - Астана 3:1.


Матчтар қызықты болды, бірақ чемпионаттың фавориттері өз деңгейлерін растады.


25 сәуір финал: Алматы-Қарағанды облысы.


Талап Қойбағаров