Елдер арасындағы достық байланыстарды нығайту

15.04.2024

Кадеттер бойынша Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы Ердәулет Оразбаев, спортшылар Бақдәулет Саурбай (Шымкент), Дарья Фу (Қарағанды), Мансұр Сүйіндік (Орал), Ноила Ханиязова (Түркістан), Алексей Маркин (Алматы), Нұрсая Нұрман (Өскемен), Асылхан Мағзұмбеков (Қарағанды), Айназ Әділгереева (Шымкент) Түркияның Балыкесир қаласында өтіп жатқан "Түркі әлемі" елдері арасындағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда.

Түркия жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Гюкмен Осалдың басшылығымен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Кипр, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан теннисшілері шеберліктерін арттырып, достық байланыстарын нығайтуда.


ОЖЖ-ға қатысушылар жолдастық турнир өткізді және қазақстандықтар арасында Дарья Фу үздік болып, 1 орын алды. Финалдық сегіздікке Ноила Ханиязова, Бақдәулет Саурбай және Алексей Маркин өтті.


Талап Қойбағаров