Алматыдағы "ADD" үстел теннисі орталығында командалық есепте 2009 ж.т. және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері анықталды. Ұлдар арасында үшінші орынға Нұр-Сұлтан қаласының (Нұрбол Тоқтамыс, Сұлтан Сереке, Нұрмұхамед Жақсыбай, Бейбарыс Сайлаубек, Әли Онов) және Түркістан облысының (Марлен Жұмағұл, Абай Жұмағұл, Санжар Ибахан, Орынбасар Есімхан, Нұркелді Бимахан) жауынгерлік, ұйымшыл ұжымдары жетті. 31 шілде күні өтетін финалда Шымкенттің, Батыс Қазақстан облысының спортшылары алтын жүлдені сарапқа салады.
Қыздар
арасында алматылық ойыншылар Айназ Әділгереева,
Айша Меңдіғалиева,
Таисия Травкина, маңғыстаулық
теннисшілер Аққу Темірханова, Салима Әбілқайыр, Әмира Әлімгерей, Айя Уәли, Рада
Серік қола медальға ие болды. Бірінші орын Шымкент - Қарағанды облысы матчында
анықталады.
Талап Қойбағаров