Екінші турды екі жеңілістен бастадық

18.12.2019

Славянск қаласында - Кубаньда (Краснодар өлкесі) Суперлиганың ерлер командалары арасында Ресей үстел теннисі федерациясының құрлықтық чемпионатының екінші туры басталды. Бүгін қазақстандық TC "Astana" клубы "Родина"(Архангельск) клубына 2:3 есебімен жол берді және "СШОР №2" (Санкт-Петербург) клубына 0:3 есебімен ұтылды. Ертең Дастан Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәли, Ырысбек Артұқметов, Сағантай Құрмамбаевтың қарсыластары мәскеулік "Ратен" және "СтройИнвест" клубтарының спортшылары болады.

Талап Қойбағаров