Екінші турда оң теңгерім

20.12.2021

Ресей үстел теннисі федерациясының 2021/2022 маусымдағы командалық чемпионатының 2-туры аяқталды. Қазақстандықтар 19 рет жеңіске жетіп, 11 рет қарсыластарына есе жіберді. Жексенбі күні өткен матчтардың нәтижелері:

Суперлига, әйелдер, Орынбор қ., 18 команда.

ТТС «Astana» - «Калинка» (Мәскеу) 3:0, «Сенкер» (Чебоксары) 3:1, УОР №3 (Химки) 3:1. ТТС «Astana» екінші орында.

«А» Жоғарғы лигасы, әйелдер, Ленинград облысының «Сиверский» қалалық типтегі кенті, 18 команда.

«TT Club Karaganda» - «Волжанка» (Қазан) 1:3, «Ржевка» (Санкт-Петербург) 1:3, «Комета» (Санкт-Петербург) 3:2. Қарағандылықтар 5-ші орында.

Суперлига, ерлер, Қазан қ., 12 команда.

«TT Club Karaganda» - «Фишт-АГУ» (Майкоп) 3:1, «Максимум» (Мәскеу) 3:0. Қарағанды екінші орында.

ТТС «Astana» - «Максимум» (Мәскеу) 3:1, «Фишт-АГУ» (Майкоп) 2:3. Елордалық теннисшілер алтыншы орында.

2022 жылдың ақпан, наурыз, сәуір айларында 3-4 турлар өтеді.

Суретте ТТС «Astana»: Зәуреш Ақашева, Ангелина Романовская, Анель Бақыт, жаттықтырушы Евгений Тимченко, Сарвиноз Мирқадірова.

Талап Қойбағаров