Екінші тур Астана мен Қарағандыда басталады

20.06.2024

21, 22, 23 маусымда Астана мен Қарағандыда Супер, 2, 3, 4 лигаларда үстел теннисінен Қазақстан Республикасы ашық командалық чемпионатының II турының матчтары өтеді. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айындағы бірінші турдан кейін келесі клубтар көшбасшылыққа шыққан болатын:

Суперлига (12 клуб), матчтар Астанада өтеді.

1 орын "Қарағанды-1"

2 орын УГМК (Свердлов облысы)

3 орын "Altay Pro" (Өскемен).


2-ші лига (12 клуб), матчтар Астанада өтеді.

1 орын "Ертіс" (Павлодар)

2 орын "Almaty-2" (Алматы)

3 орын "Масаншы жолбарыстары" (Жамбыл облысы).


3 лига (12 клуб), матчтар Қарағандыда өтеді.

1 орын "Ардагер" (Алматы)

2 орын "Marten" (Жетісай)

3 орын "SaryArka" (Астана).


4 лига (12 клуб), матчтар Қарағандыда өтеді.

1 орын "Ақтөбе"

2 орын "ШҚО-1" (Өскемен)

3 орын "Топжарған" (Шымкент).


Талап Қойбағаров