Екі жыл бұрын дәл осы күні

03.06.2020

2018 жылдың 3 маусымында қарағандылық спорт шебері Эрик Райтер (суретте) Ульянов Мемлекеттік Техникалық Университетінде өткен үстел теннисінен Ресей студенттік спорт Одағы чемпионатының алтын медалін жеңіп алған болатын. Беделді жарыстарға Мәскеу, Самара, Владивосток, Магнитогорск, Новосибирск, Пенза, Ижевск, Қазан, Қырым Республикасы, Челябинск, Саратов, Түмен, Санкт-Петербург, Ульяновск және басқа қалалардың ЖОО-ның құрамалары қатысты. Біздің жерлесіміз - Г.И. Носов атындағы Магнитогорск Мемлекеттік Техникалық Университетінің құрылыс факультетінің студенті (ММТУ), ресейліктер Кирилл Швецпен және Илья Исаковпен бірге ширек финалда Түмен Индустриалды Университетін 3:0 есебімен ойсырата ұтты, жартылай финалда қарсыластары Ресей Көлік Университетін 3:1 есебімен жеңді. Алтын медаль үшін шайқаста ММТУ теннисшілері Поволжск Мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм Академиясының (Қазан) құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, Ресей чемпионы атанды!

Талап Қойбағаров