Екі жеңіс және екі жеңіліс

15.02.2023

Дюссельдорфта үстел теннисінен WTT Feeder өкілдік турнирі өтуде. Бүгін іріктеу матчтары өтті, онда қазақстандық спортшылар келесі нәтижелерді көрсетті:

Анастасия Лаврова (суретте) - Филиппа Берган (Швеция) 3:2;

Анастасия Лаврова - Шарлотта Кэри (Уэльс) 1:3;

Сарвиноз Мирқадырова - Сер Линь Цянь (Сингапур) 1:3.

Жеке турнирде Анастасия, Сарвиноз өз ойындарын аяқтады, ал Зәуреш Ақашева ертең жарыстың негізгі торында Изабелла Лупулескумен (Сербия) ойнайды.

Жұптық разрядта Зәуреш Ақашева / Анастасия Лаврова, София-Суан Чжан / Лиу Янцзыден (Испания/Австралия) 3:0 есебімен мықты болды. Келесі қарсыластары Ивана Малобабич/Матея Егер (Хорватия).

Талап Қойбағаров