Екі апталық бағдарламаны "өте жақсы" орындадық

13.08.2021

"Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру кешенінде (Алматы облысы) үстел теннисінен Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық командаларының оқу-жаттығу жиыны өтті. Жаттықтырушы-кеңесші Дмитрий Левенконың пікірі (Австрия):

"Біз көп нәрсені жасай алдық. Қонақ үй, бір аумақтағы жаттығу залы оқу уақытын оңтайлы, тиімді және шығынсыз пайдалануға мүмкіндік береді. Қалпына келтіру үшін - монша және бассейн бар. Күніне 7 сағаттан белсенді жұмыс істедік. Негізгі басымдықтар - олар аяқтың жұмысы, аралық ойын бойынша жұмыс және ұзақ ұтыс ойынына көшу болды. Доп беруді және оны қабылдауды игердік. Барлығы психология тұрғысынан талқыланып, бағдарламаға тұрақты түрде менталды жаттығулар қосылды. ОЖЖ-да спортшылар қатты шаршады, бірақ бұл таңқаларлық емес, өйткені жалпы дене дайындығы бойынша жаттығулары сапалы орындалды. Шаршағанына қарамастан, барлық теннисшілер жиын соңына дейін жақсы нәтиже көрсете алды. Біздің жігіттер мен қыздардың ойынында біз үнемі әңгімелерде талқылайтын көптеген резервтер бар. Екі апталық бағдарламаны "өте жақсы" орындадық деп сеніммен айта аламын. Австриялық "Neusiedlersee" клубының жұптас-серіктестері Клаус Освальд пен Тарек аль-Самхури ОЖЖ-ға жаңа ағынды енгізді, олар келесі жаттығу жиындарына қатысуға ниет білдірді. ОЖЖ-ны сапалы ұйымдастырғаны үшін біздің республикалық Федерацияға рахмет айтамыз".


Талап Қойбағаров