Еңбек сіңірген жаттықтырушыны еске алу

20.10.2023

20, 21, 22 қазанда Ақтөбе үстел теннисі орталығында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қуаныш Жүнелбаевты еске алуға арналған "Aqtobe Cup" ашық республикалық турнирі өтеді. Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстарының спортшы ұлдары мен спортшы қыздары 2006 ж.т. және одан жоғары, 2007 ж.т. және одан кіші, 2010 ж.т. және одан кіші, 2013 ж.т. және одан кіші жас санаттарында өнер көрсетеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.


Талап Қойбағаров