Еңбегі бойынша атағы

30.09.2021

Осы күндері Дохада (Катар) өтіп жатқан үстел теннисінен XXV Азия чемпионатында сәтті өнер көрсеткендері үшін еліміздің ұлттық құрамасының спортшылары Айдос Кенжеғұлов, Зәуреш Ақашева, Алан Құрманғалиев, Сарвиноз Мирқадірова, Ырысбек Артұқметов, Анастасия Лаврова, Анель Бақыт "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына ие болды. Команда көшбасшысы Кирилл Герасименко бұл атаққа 2017 жылы ие болды. Катарда біздің ерлер мен әйелдер құрамалары жоғары шеберлікті, жеңіске деген құштарлықты көрсетті, құрлықтық жарыстардың финалдық сегіздігіне шығып, 2022 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды. Құттықтаймыз, жеке, жұптық, аралас разрядтарда сәттілік тілейміз.

Талап Қойбағаров