Ең жақын резервті істе тексереміз

27.06.2023

Елордалық "ADD Table Tennis Center Astana" орталығында Астана, Алматы, Шымкент, республика облыстарының 40 құрама командасы (20 ұл және 20 қыз) 2010 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының жүлделері үшін күресті бастады. Кіші топтардағы ойындардан кейін финалдық сегіздіктер анықталды:

Ұлдар - Алматы, Шымкент, Астана, Ақтөбе, Түркістан, Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары.

Қыздар - Алматы, Астана, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары.


Талап Қойбағаров