Ең қызықтысы алдыда

08.01.2021

Қарағандыда - Қазақстанның кеншілер астанасында үстел теннисінен еліміздің ұлттық құрамасына іріктеу турнирі жалғасуда. Бүгін 16 спортшы ұлдар мен 16 спортшы қыздар шағын топтарда ойындар өткізіп, ең мықты сегіздікті анықтады. Әйелдер арасында Зәуреш Ақашева (Қарағанды), Анастасия Лаврова (Нұр-Сұлтан) және Сарвиноз Мірқадірова (Шымкент) еш қиындықсыз жеңіске жетті. Үшінші топта үш теннисші бірдей ұпай жинады, бірақ партиялардың ең жақсы арақатынасы бойынша Әнел Бақыт (Шымкент), Айя Әлімбаева (Алматы) финалдық бөлімге шықты. Сондай-ақ, Әсемгүл Өтепова (Павлодар облысы), Ангелина Романовская (Павлодар облысы), Алсу Сапарова (Орал) медальдар үшін күресті жалғастыратын болады.

Ерлер турнирінде 2020 жылғы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері Айдос Кенжеғұлов (Орал) пен 13 жасар спорт шебері Алан Құрманғалиев (Қарағанды) арасындағы матч ерекше қызығушылықпен күтілді. Әдемі, қызықты ойын Қарағандылық жас ойыншының пайдасына шешілді 3:2 (8:11, 11:8, 12:10, 9:11, 11:7). Сонымен, 9 қаңтарда Алан және Айдоспен бірге "Saryarka" үстел теннисі орталығының алаңына тағы алты финалист шығады - олар Бақдәулет Әкімәли (Шымкент), Владислав Захаров (Қарағанды), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Ескендір Харки (Жамбыл облысы), Ырысбек Артұқметов (Шымкент) және Эрик Райтер (Қарағанды).


Алан Құрманғалиев


Зәуреш Ақашева, Алсу Сапарова, Анастасия Лаврова, Айя Әлімбаева


Ердәулет Оразбаев, Сарвар Ырысәлиев, Бақдәулет Әкімәли, Аман Сабыржан


Талап Қойбағаров