Ең мықтылар жеңсін!

04.10.2021

5 қазан күні Түркістанда үстел теннисінен 2008 ж.т. және одан кіші спортшылар арасында жеке-командалық Қазақстан чемпионаты басталады. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкенттен, облыстардан келген 75 ұл, 80 қыз 6 күн ішінде командалық есепте, жеке, жұптық және аралас разрядтарда медальдарды ұтысқа салады. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз және ең мықтылар жеңіске жетсін!

Суретте түркістандықтар - чемпионат иелері, командалық есептегі жеңіске негізгі үміткерлер Нұржігіт Жолдыбай, Азиз Пердебеков және Рамазан Нәзір (солдан оңға қарай).


Талап Қойбағаров