Ең бастысы, костюм дәл болуы керек

09.11.2021

Алматыда қалалық үстел теннисі Федерациясының қаражаты есебінен төрешілер корпусы үшін киім-кешек сатып алынды (Федерация төрағасы Анвар Кильдияров).

Бірде-бір турнир, чемпионат алаңда, теннис үстелінде болып жатқанның бәрін бақылайтын төрешінің қатысуынсыз өтпейді. Ол әділ ойынның кепілі және жарыстың нәтижесі оның шешімдеріне байланысты. Бұл ретте төрешіге ешнәрсе кедергі жасамауы тиіс, сондықтан төрешілік киім нысанының сапасы мен ыңғайлылығын асыра бағалау мүмкін емес. Бұл жабдықта келесі талаптар сақталады: киімнің функционалдығы, қолайлылық, стиль, ыңғайлы пішім, материалдардың ауа өткізгіштігі және кию кезіндегі жайлылық.


Талап Қойбағаров