Дүниежүзілік үстел теннисі күніне арналды

22.04.2023

Елордалық "ADD Table Tennis Center Astana" - да осы минуттарда Дүниежүзілік үстел теннисі күніне арналған турнир өтуде. 17 жасқа дейінгі, 18-39, 40-49, 50-59, 60 және одан жоғары (ерлер) және 17 жасқа дейінгі, 18-39, 40 және одан жоғары (әйелдер) жас топтарында Астана, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының спортшылары қатысуда. Чемпиондар, жүлдегерлер 23 сәуірде анықталады.

Талап Қойбағаров