Дүниежүзілік Гимназиада - күрделі емтихан

19.05.2022

Довиль қалашығында (Франциядағы коммуна, Нормандия) Дүниежүзілік Гимназиада бағдарламасында үстел теннисінен турнир өтіп жатыр. Командалық жарыста қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы құрамында Сарвиноз Мирқадірова, Гузель Торшаева, Жанерке Көшкімбаева (суретте) Тайбэй, Үндістанды алға жіберіп, Иордания мен Біріккен Араб Әмірліктерін артта қалдырып, өз топтарында 3-ші орынды иеленді. Енді біздің теннисшілер 5-8 орындар үшін матчтар өткізеді.

Ұлдар командасы Дамир Сәрсембай, Абдұлла Мамай, Тимофей Герасименко тек 9-13 орындар үшін ойнайды, себебі олар өз топтарында Румыния, Тайбэй, АҚШ-тан ұтылып, соңғы орынға шықты.

Талап Қойбағаров