Дмитрий Левенко: "Қойылған міндеттерді орындадық"

21.05.2022

"ADD" Үстел теннисі орталығында (Алматы) Ұлттық құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенконың (Австрия) басшылығымен Қазақстанның жетекші спортшыларының оқу-жаттығу жиыны аяқталды:

"Бұл кешеннің керемет жағдайлары бізге жаттығу барысына жақсы көңіл бөлуге мүмкіндік берді. Жоғары сапалы және дәмді тағамдары бар керемет қонақ үй мен мейрамхана және зал бір ғимаратта орналасқандықтан, спортшыларға өз күштері мен уақыттарын тиімді бөлуге мүмкіндік берді, жоғары жүктемелер мен қайта қалпына келу процесі, оңай орындалады. Доптардың жеткілікті саны доп берумен, оны қабылдаумен және олардың байламдарымен жұмыс істеуге көп уақыт бөлуге мүмкіндік берді. Біз "ДКС" - пен көп жұмыс істедік (Доптардың Көп Саны), бұл бізге жаттығу жүктемесін барынша арттыруға мүмкіндік берді. Ойыншылар бұл жолы өз физикалық және менталдық шектерін еңсере білді. Бұл қиын болды, бәрі қатты шаршады, бірақ солай болуы керек. Мұндай жағдайда жаттығу өте жағымды және бұл күш аяқталған кезде қосымша мотивация береді. Зал барлық ең жоғары талаптарға жауап береді. Мұндай жағдайда барлығы жұмыс істеді және барынша күш салды. ОЖЖ-ның негізгі мақсаты маусым айының басында басталатын бірқатар турнирлер алдында теннисшілердің базалық деңгейін оңтайландыру болды. Біз жоспарлағанның бәрін орындадық және спортшыларға тек ғана ойын түрін бәсекеге қабілетті деңгейге жеткізу қалды, бірақ оны жеке жаттықтырушылармен жекеше түрде өткізеді. Барлығы қажетті ұсыныстарды алды және қысқа демалыстан кейін олар дайындықтың соңғы кезеңіне кіріседі. Біздің Федерацияға осындай керемет "ADD" үстел теннисі орталығы үшін рахмет.


Талап Қойбағаров