Дене шынықтыру мұғалімін еске алу

11.11.2023

Павлодарда, "Jenimpaz" үстел теннисі орталығында 14 және 15 қарашада №1 Қашыр орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Ермек Китаевты еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі ашық республикалық турнирі өтеді. Медальдар, кубоктар, ақшалай сыйлықтар үшін Ресей, Өзбекстан, Қазақстан елдерінің 200-ден астам теннисшілері келесі жас топтарында сайысқа түседі:

Ерлер - 16-39 жас, 40-49, 50-59, 60 жас және одан жоғары.

Әйелдер - 16-39 жас, 40 жас және одан жоғары.


Қазақстан Республикасының үстел теннисі Федерациясы "Қазақмыс корпорациясы" компаниясына демеушілік көрсеткені үшін алғыс білдіреді.



Талап Қойбағаров