Дастан Кенжеғұлов шешуші ұпай жинады

18.04.2023

Ағымдағы маусымда қазақстандықтар Айдос пен Дастан Кенжеғұловтар, Бақдәулет Әкімәлі, Ескендір Харки өнер көрсеткен "Badener" үстел теннисі клубы (Баден қ.), қорытынды 6-орынға ие болып, Австрия чемпионатының жоғарғы дивизионында өз орнын сақтап қалды. Соңғы екі матчта "Badener" "SPG" (Линц), "UTTC" (Зальцбург) клубтарымен 3-3 есебімен тең түсті және шешуші ұпайларды Дастан Кенжеғұлов алды.

Суретте солдан оңға қарай Дастан Кенжеғұлов (Қазақстан), Эрик Глод (Люксембург), Патрик Юхаш (Венгрия) Марк Сагавэ (Австрия), Андреас Майкснер ("Badener" клубының жетекшісі).


Талап Қойбағаров