Бүгін, 18 қаңтарда Қазақстан Үстел теннисі Федерациясының президенті Данияр Абулгазин Астанадағы Sana Sport спорт және шығармашылық орталығына барды.
Сапар аясында таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды, оның
барысында кешеннің негізгі секторлары ұсынылды.
Олардың арасында үстел теннисі, дзюдо, баскетбол, каратэ,
бокс, шахмат, волейбол, джиу-джитсу, футбол сияқты спорт түрлеріне және Орталықтың
басқа да аймақтарына арналған залдар бар.
Сондай-ақ, федерация басшысы шығармашылық және білім беру
бағыттарының инфрақұрылымымен танысты. Бұл кеңістік қазақ және ағылшын тілдерін
үйренуге, мектепке дайындық жүргізуге, вокал, музыка, аспаздық, хореография,
робототехника және ағашпен жұмыс бойынша үйірмелерде оқуға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Sana Sport орталығының жалпы ауданы 10 мың
шаршы метрді құрайды, бұл 4 мың балаға білім алуға мүмкіндік береді.
Сапар аясында Қалалық үстел теннисі Федерациясымен кеңес өтті,
онда Қазақстанның астанасында спорт түрін одан әрі дамыту бойынша жоспар ұсынылды.
Атап айтқанда, балабақшаларда үстел теннисі секцияларын кеңейту, жалпы білім беретін мектептер үшін теннис үстелдерін сатып алу, жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру мұғалімдерін үстел теннисіне үйрету, мектеп лигасын құру, үстел теннисі клубын ашу, жаттықтырушы-кеңесшіні шақыру, жаттықтырушылар штабының құрамын кеңейту және Астана қаласында тұрақты негізде беделді турнир өткізу сияқты пункттер бекітілді.