Дағдылар мен тәжірибені дамытамыз және меңгереміз

28.07.2021

29 шілде мен 14 тамыз аралығында Алматының шығысына қарай 40 шақырым жерде орналасқан "Ақ бұлақ" спорттық-сауықтыру кешенінде үстел теннисінен Қазақстанның жасөспірімдер, жастар және ұлттық командаларының оқу-жаттығу жиыны өтеді. Олимпиадашылар Кирилл Герасименко, Анастасия Лавровадан басқа барлық мықты шеберлер қатысады. ОЖЖ-ны біздің құраманың жаттықтырушы-кеңесшісі Дмитрий Левенко (Австрия) өткізеді және оған жұптас-ойыншылар ретінде австриялық "Neusiedlersee" клубынан Тарек әл-Самхури, Клаус Освальд көмектесетін болады.

Суретте Тарек әл-Самхури ("Neusiedlersee", Австрия).



Талап Қойбағаров